30.04.2024 ж. Алматы автомобиль-жол колледжінде Алматы қаласының техникалық колледждері арасында «Менің мамандығым және оны инновациялық технологияларды қолдана отырып дамыту» тақырыбында жыл сайынғы ІІІ студенттік конференция өтті. *Алғашқы конференция 2022 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлімтайқызы Пананың бастамасымен ұйымдастырылды. Конференцияның колледж қабырғасында дәстүрге айналғаны хақ! Осы іс-шарада ААЖК, KaзGASA, АТЭКЖҚ, ACALT колледждерінің студенттері өз баяндамаларын ұсынды. Аталған шараның өтуіне ААЖК құрылтайшыларына, колледжіміздің атқарушы директоры Х.С. Турсумбековаға, ҚазАЖИ-ның ғылым жөніндегі проректоры А.О. Сағыбековаға, 10-нан астам қатысушыны дайындағаны үшін, жетекшілік еткен оқытушыларға, қазылар алқасының мүшелеріне, әсіресе, комиссия төрағасы техника ғылымдарының докторы, ҚазАЖИ профессоры Рабат Ондабек Жанахметұлына жоғары кәсібилігі мен конференциядағы қолдауы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.