2017 жылғы қыркүйектің 12 күні Алматы арена мұз айдынының батыс жағында Алатау ауданында жеңіл атлетикалық стадионның ашылуына байланысты өткен іс-шараға колледждің 1-2 курс оқушылары қатысты. Стадионның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, демеушілер, сондай-ақ, еңбегі сіңген спортшылар мен бапкерлер және Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Ольга Рыпакова, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев пен Әмин Тұяқов қатысты. Спорттық шара Алматы қаласының спорт мектептері мен Федерация спортшыларының бұқаралық флешмобымен және жарқын фейерверкпен жалғасып, 100 метрлік жүгіру және эстафетамен өз мәресіне жетті.