Алматы автомобиль-жол колледжі КДМ өкілдерімен бірлесіп, Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы №2-не барды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге Жаңа жылдық шаттық сыйланып, жылы көңіл күй мен көтеріңкі эмоциялар тарту етілді.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға атсалысқан барлық ата-аналарға, студенттерге, оқытушыларға және құрылтайшыларға шын жүректен алғыс білдіреміз.
Осындай игі бастамалар өскелең ұрпаққа мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын көрсетеді.
News
Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық іс-шарасы
27/12/2025