Колледжімізде «Үздік өндірістік тәжірибе есебі – 2026» атты студенттік конференция өтті.
Конференция барысында студенттер дуалды оқыту жүйесі мен өндірістік практика кезінде жинақтаған білімдері мен тәжірибелерін жоғары деңгейде қорғады.
Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Қазылар құрамында колледждің өндірістік ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Барлық қатысушылар мен жетекшілік еткен оқытушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз.