• Home
  • Студенттер «SPARK Logistika» компаниясының базасында

Студенттер «SPARK Logistika» компаниясының базасында

Студенттер «SPARK Logistika» компаниясының базасында «Қойма логистикасы» курсынан өтті
Кәсіби даму шеңберінде ОП-22-26-Р (2025 жылғы 22-26 қыркүйек аралығында) және ОП-23-27-Р (2025 жылғы 20-25 қазан аралығында) топтарының студенттері «SPARK Logistika» компаниясының базасында 40 сағаттық «Қойма логистикасы» оқу курсын сәтті аяқтады.
Оқуға 18 студент қатысып, курстың аяқталғаны туралы сертификаттарға ие болды.
Бұл курстың нәтижелері келесі мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді:
* Логистика саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту;
* Студенттердің аталған компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру.
Студенттерді жаңа белестерімен құттықтаймыз!