Этнографтардың қазақстандык мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімінің меңгерушісі, профессор Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жылдығына орай Алматы автомобиль-жол колледжінде 11 сәуір күні еске алу кеші ұйымдастырылды.
Мәдени шараға Халел Арғынбаевтың шәкірті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Қалыш Аманжол Боранбайұлы және Алтай, Іле, Тарбағатай күйшілік мектебінің өкілі, күйші-композитор, «Халық күйшісі» төсбелгісінің иегері, танымал сазгер Аршын Кәсімбайұлы қадірлі қонақ ретінде шақырылды.