2026 жылғы 25–26 ақпан күндері Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (МУИТ) колледж студенттері арасында BilimHack Almaty хакатоны өтті.
Аталған іс-шараға Алматы автомобиль-жол колледжінің «SmartLogistics» командасы қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Команда құрамында:
Айтбаев Адилет,
Жарылқасын Мұхамеджан,
Утепбергенов Нұрислам болды.
Айта кету керек, хакатонға негізінен IT мамандықтарының студенттері қатысқанымен, біздің колледжден «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының студенттері қатысып, өз саласының мүмкіндіктерін көрсете білді.
Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби дамуына және жаңа бағыттарды меңгеруіне үлкен мүмкіндік берді.
News
BilimHack Almaty хакатонына колледж студенттерінің қатысуы
27/02/2026

