Бүгін, 1937-1943 жылдары саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған азаматтарға арналған ескерткішке Алатау ауданының әкімі Малыбаев Талғат Жанболатұлы, ардагерлер және ауданымыздың бір топ белсенді жастары арнайы барып, гүл шоқтарын қойды.

Бұл шара — тарихымызға деген құрметтің, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған тағдырларға деген тағзымның белгісі.
Олардың ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.