Алматы автомобиль-жол колледжінде «Жаухар» ұлттық дәстүрді қолдау қорының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған дәріс өтті. Шараға 80 студент қатысты.
Дәрісті дінтанушы, Ұлттық сараптама орталығының және НААР агенттігінің сарапшысы Динара Сахибовна Утебаева жүргізіп, қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремизмнің таралу жолдары мен ұлттық-діни құндылықтардың өзара байланысы туралы толық ақпарат берді.
Студенттер шарадан мол мағлұмат алып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Дәріс жоғары деңгейде өтті.