2025 жылдың 13 мамырында колледжімізде Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Ерте жүктілік, контрацепция әдістері және оның салдары» тақырыбында біркүндік семинар өтті. Іс-шара Алматы қаласындағы «Асмед Тургут Озал» медициналық орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасы жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту.

Семинар репродуктивті денсаулық саласындағы өзекті мәселелерге назар аударуға мүмкіндік беріп, колледж студенттерінің ерте жүктіліктің қаупі, контрацепция әдістері және отбасы жоспарлау мәселелеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөніндегі білім деңгейін арттырды.