2026 жылдың 19 наурызында Алматы қаласында өткен мәдени іс-шараға Алматы автомобиль-жол колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара Апорт молл алаңында ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Алматы қаласының түрлі колледждерінен жиналған 500 студент бір мезетте домбыра тартып, қазақ халқының дәстүрлі өнерін дәріптеді.
Шара барысында ұлттық рух, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі байқалды. Қатысушылар өз өнері арқылы мәдени мұраны құрметтеп, ұлттық болмысты айқындай білді.
Бұл бастама жастардың рухани тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
News
Алматыда өткен мәдени іс-шарада 500 студент домбырамен өнер көрсетті
20/03/2026