📅 2025 жылғы 7 ақпанда Алматы автомобиль-жол колледжінде қала колледждерінің оқытушылары арасында «Көңілді эстафета» спорттық шарасы өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

⚡ Негізгі мақсат – колледждер арасындағы серіктестікті нығайту, оқытушылардың денсаулығын жақсарту және достық қарым-қатынасты дамыту. Жарысқа қатысушылар өздерінің ұйымшылдығын, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

🏆 Жарыс нәтижесі:
🥇 1 орын – «Перспектива» колледжі
🥈 2 орын – Инновациялық техникалық колледж
🥉 3 орын – «КазНұр» колледжі

🎉 Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары спорттық рухтары үшін алғыс айтамыз!